ӨМІРБАЯНЫ

 

Сұлтанов Жеңісбай Әбдікәрімұлы 1945 жылдың 20 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Шақпақ ата ауылында дүниеге келді. Білімі szhaжоғары, 1968 жылы қазақ химия-технологиялық институтын, 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде  заңгер мамандығын, ал 1990 жылы КСРО ІІМ Академиясын бітірген, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ІІМ-не еңбегі сіңген қызметкері және құрметті ардагері, Түлкібас ауданы, Шымкент қаласы, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» және де Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Құрмет» ордені иегері.

Сұлтанов Жеңісбай  Әбдікәрімұлы 1963 жылы КазХТИ-ға механика факультетіне түсіп, осы жылы «Казмехмонтаж» Шымкент монтажды басқармасының студент-практиканты болып 1963-1965 жылдар аралығында еңбек жолын бастаған.

Бұл еңбек жолында Шымкент қаласындағы ет комбинатында ет тоңазытқыш компрессорлардың монтажына қатысты, Химфарм заводының екінші кезегін салғанда барлық технологиялық машиналардың құрастыруларына ат салысты, Шымкент қорғасын заводындағы агломерация цехын монтаждауда үлкен үлесін қосып, осы еңбектерін генерал Сұлтанов Жеңісбай Әбдікәрімұлы мақтанышпен айтып отырады.

Институтты 1968 жылы бітірген соң, жолдамамен Гурьев қаласындағы химиялық заводтың 7 разрядты слесарі, бас механиктің бөлімінде инженер- механик, заводтағы ең үлкен технологиялық цехтың механигі, 1971жылдың тамыз айынан бастап Ванновка гидромелиоративтік техникумының оқу шеберханасының меңгерушісі және директордың орынбасары осы жылдың желтоқсан айынан бастап, техникумда жаңадан ұйымдастырған  аудандық комсомол комитетінің құқы бар, комитетке секретарь болып сайланды, ал 1973-1974 жылдары  Қазақстан  Компартиясы Түлкібас аудандық комитетінің нұсқаушы қызметін атқарған.

1974 жылдың мамырында Шымкент облыстық партия комитеті Бюро мәжілісінің шешімімен Ішкі істер органдарына жолдамамен жіберіліп, Түлкібас аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының саяси-тәрбие істері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

1980 жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер Басқармасында мамандар бөлімінің бастығы, 1982 жылдың ақпан айынан мемлекеттік автоинспекция бөлімін басқарып, осы жылдары автоинспекция ғимаратын салып бітірді. 1984 жылдың қазан айынан Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

1988 жылдың  тамыз айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жолдамасымен Москва қаласындағы Одақтық Ішкі істер министрлігі Академиясына оқуға тыңдаушы болып қабылданды.

1990 жылы  КСРО IIМ Акадимиясын бітірген соң, шілде айында Ақтөбе облыстық Ішкі істер Басқармасы бастығының орынбасары, осы жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында ашылған Ішкі істер Басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

1992 жылдың қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары, ал 1993 жылдың ақпан айында осы Басқарманың бастығы қызметіне тағайындалып, 1997 жылдың маусымына дейін абыройлы еңбек етті.

Облыстық Ішкі істер басқармасының бастығы кезінде, ОҚО-да қылмыспен күресуде, қоғамдық тәртіпті нығайтуда ерекше еңбек етіп бірқатар жетістікке жетіп милиция жеке құрамдарын осы бағытта ұйымдастыра біліп, Республика деңгейінде үздік табыстарға жетті. Облыста  қалалық, поселкалық милиция бөлімдерін ашып, ішкі істер органдарының жеке құрамдарын халыққа жақындата білді.

Сол жылдары белең алған ұйымдасқан қылмысқа (рэкет) тосқауыл қою үшін 1993 жылы Ж.Ә.Сұлтановтың жеке бастамасымен, облыстық әкімшілігінің қолдауымен арнайы бөлім құрылып, ұйымдасқан топтардың басым көпшілігі заң алдында жауапқа тартылды.

Арнайы бөлімнің жұмысы нәтижелі болғандықтан ҚР ішкі істер министірлігінің 1994 жылдың екінші жартысындағы бұйрығымен ОҚО ІІБ-ның тәжірбиесіне сүйене отырып барлық облыстарда, арнайы бөлім құрылып ұйымдасқан қылмыстық топтарды тізгіндеуге талап қойылды.

1995 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «генерал – майор » шені берілді.

1996 жылы заңсыз жекеленіп кеткен зәулім ғимаратты жоғарғы сотқа дейін шағымданып, ОҚО ішкі істер басқармасына қайтарып алды. Қазір бұл ғимаратта Шымкент қалалық ішкі істер полиция департаменті орналасқан.

1997 жылдың маусымы мен 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Шымкент заң колледжіне бастық болды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шымкент заң колледжіне Сұлтанов Жеңісбай Әбдікәрімұлының бастамасымен  Бауыржан Момышұлының аты беріліп, колледж ғимаратының алдында ескерткіші орнатылды.

2002 жылы  Ж.Ә.Сұлтанов  зейнеткерлікке шығып, әрі қарай еңбек жолын жалғастырды.

Өмірлік тәжірибені жастарға беру мақсатында Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атындағы Гуманитарлық институтында студенттерге «Қылмыстық процесс» пәні бойынша дәріс оқыды. 2005 жылдың ақпан айынан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңес хатшылығының басшысы қызметін атқарды.

2003 жылдың қыркүйек айынан бастап, күні бүгінге дейін ОҚО Аңшылар және балықшылар қоғамы Басқарма төрағасының қызметін атқарып келеді.

Бұл қоғамның сол жылдары жаппай жекелендіру кезінде, бұрынғы төраға, барлық ғимараттарын заңсыз өз жекеменшігіне алып, қоғамды бірнеше миллион теңгеге қарыздандырып кеткен. Осы жағдайда Ж.Ә.Сұлтанов  сот арқылы заңсыз жекеленген ғимараттарды Оңтүстік аңшылар мен балықшылар қоғамына қайтарды, қарыздарынан құтылып, қазір Т. Рысқұлов көшесінде жаңа ғимаратта қызметтерін атқарып жатыр.

2014 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында шетелдік инвесторды тартуға белсене атсалысты. ТОО «Gold Aluminium» зауытын пайдалануға еңгізгенге дейін құрылысты басқарды. Мұнда 2014 жылдың қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Оңтүстік Қазақстан облысының үздік кәсіпорындарының бірінің Бас директоры, оған бірде-бір дәлелі 2017 жылы сәуір айында  біздің мемлекетіміздің  Президенті   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың келіп, ТОО «Gold Aluminium» зауытының ұжымымен кездесіп, өзінің жылы лебіздерін білдіргені.

2015 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің жанындағы консультативтік кеңесші органның төрағасы болды. 2018 жылдан бастап Шымкент қалалық полиция департаментінің жанындағы консультативтік кеңесші органның төрағасы болып бүгінгі күнге дейін қызмет етіп отыр.

Сол жылдары Қазақстан Республикасының президентін кезектен тыс сайлауында  2015 жылы облыстық штабтың мүшесі Н.Ә. Назарбаевтың сенімді өкілі және  2019 жылы  ҚР-ның президентік сайлауында қалалық штабтың мүшесі  Қазақстан Республикасының президеттігіне кандидат    Қ.Ж. Тоқаевқа сенімді өкілі болды.

2016 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында бөтелкеленген ауыз су цехын  ашты, осылайша 20 жұмыс орнын ашты.

2018 жылдан Шымкент қаласының қоғамдық кеңестің мүшесі.

Осы еңбектері үшін 2017 жылы желтоқсан айындағы ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет орденімен» марапатталды.

2016 жылғы 10 шілдеде шыққан «Белес, белес, бел екен …» кітабының, сондай-ақ, 1997 жылғы 17 қарашада жарияланған «Қазақстан полигондары» кітабтарының авторы.

Сұлтанов Жеңісбай Әбдікәрімұлы Президенттің жұрт алдында қойған міндеттерін түсіндіруге, іске асыруға және шешуге белсене қатысады. Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен үнемі кездесіп, онда жастар патриоттық тәрбие алуына  ерекше көңіл бөлді және Қазақстан халықтарының арасындағы бейбітшілік пен халықаралық келісімді нығайтуға, Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуына, оның экономикасын нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.

1984-1988 жылдар аралығында 2 рет Шымкент қалалық  кеңесінің депутаты болып сайланған. Осы кезеңге халық депутаттары Шымкент қалалық атқару комитетінің және Қазақстан Компартиясы Шымкент қалалық комитетінің мүшесі болды.

1991 жылы халық депутаттары  Шымкент қалалық кеңесінің депутаты және қалалық партия комитетінің мүшелігіне қайта сайланған.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен, президенттердің төрт Алғыс хатымен, 30-дан астам төсбелгілік медальмен, жеке қарумен, Қазақстан Республикасы ІІМ Грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталған.

                                                           Сұлтанов Жеңісбай Әбдікәрімұлы

                                                          милиция генерал-майоры,

                                                                        «Құрмет» орденінің иегері,

                                                       Ішкі істер министрлігінің құрметті

ардагері, заң ғылымының докторы,

Түлкібас ауданының, Шымкент

қаласының, Түркістан облысының

құрметті азаматы.